"Зерек бала" республикалық интеллектуалды марафоны
2023 жылғы 9 желтоқсанда "БІЛІМ ОРДА" ХҚҚ 2-6 сынып оқушылары мен қормен меморандум жасасқан білім беру ұйымдары үшін. Қатысу жарнасы – 700 теңге
Сайыстың мақсаты - оқушылардың ерекше қабілеттерін анықтау, оқу-білімге қызығушылығын арттыру және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін дәріптеу
Мақсат
Өтетін уақыт төмендегідей
10:00-10:40
2-сынып
13:00-13:40
5-сынып
14:00-14:40
6-сынып
11:00-11:40
3-сынып
4-сынып
12:00-12:40
(Астана уақытымен)
Оқу сауаттылығы
10 ұпай
Математикалық сауаттылық
10 ұпай
Тәуелсіздікке қатысты
10 ұпай
Марафон сұрақтары бағдарламаға сай тест түрінде келеді. Жалпы 20 сұрақ болады
Сұрақ түрлері
Марафон ережесі
Қатысушылар санында шектеу жоқ. Әр мектеп сыйымдылық мүмкіндігіне қарай оқушыларын қатыстыра алады
Марафон мектептің информатика (компьютермен жабдықталған кабинетте) кабинетінде өткізіледі
Марафонға қазақ тобымен бірге орыс, ағылшын топтары да қатыса алады. Сұрақтар да соған қарай сәйкестендіріліп қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде беріледі
Сұрақтар марафон басталарда Zoom платформасының чатына сілтеме арқылы немесе директор орынбасарларына жіберіледі. Оқушылар өз тобының сұрағын ашып, жауап бере алады
Марафон жеңімпаздары жинаған ұпайларымен анықталып, өз топтары бойынша бөлек-бөлек орындарға ие болады. Жеңімпаз оқушылар дипломдармен марапатталады
Марафон қатысушылары отыратын кабинет ұйымдастырушыларға экранда толықтай көрінетіндей жағдайда болуы керек.
Марафон барысында оқушының жанында ешкім болмауы тиіс. Тек әр бөлім басында ересек бақылаушыдан оқушыларға сілтемені ашып беру үшін ғана көмек сұралады.
Марафон Zoom платформасы арқылы синхронды түрде өтеді
Марафон уақытынан кешіккен оқушылар қатысу мүмкіндігінен айырылады.
Марафонға 2-6 сынып оқушылары қатыса алады. Марафон Астана уақытымен өтеді. Әр бөлімнен кейін кабинет желдетілуі тиіс
Ескерту
Кабинетте бақылаушы болатын кісілердің тізімі алдын ала ұйымдастырушыларға жіберілуі керек және олар қатысушы оқушылардың сынып жетекшісі не көмекшісі болмауы қажет.
Made on
Tilda