РЕСПУБЛИКАЛЫҚ BRAIN BEE
Сайыскерлер нейробиология, биологиялық есептерді шешу және зертханалық дағдылар, сонымен қатар шығармашылық пен сыни ойлау бойынша білімдерін тексереді
9-11 (12) СЫНЫПТАРҒА
8 мамырда Астана қаласындағы «NURORDA» мектебінде өтеді
9-11 (12) СЫНЫПТАРҒА
8 мамырда Астана қ. «NURORDA»
мектебінде өтеді
National Brain Bee – жалпы білім беретін республикалық олимпиадада биология пәнінен жүлделі орындарға ие болған орта білім беру ұйымдарының (9-11 (12) сыныптар) оқушылары арасындағы жарыс
ОЛИМПИАДАНЫҢ ӨТКІЗІЛУ ТІЛІ
Ағылшынша
БІРІНШІ КЕЗЕҢ
Науқастың диагностикасы. Науқас видео-бейнелері жазбаша ауру тарихымен бірге көрсетіледі. Қатысушылар диагнозға көмектесу үшін екі зертханалық немесе визуалды зерттеуінің нәтижелерін сұрай алады
ЕКІНШІ КЕЗЕҢ
Теориялық. А бөлімі бір жауабы бар 40-60 сұрақтан тұратын тестті қамтиды. Кейбір сұрақтар деректер мен графикалық талдауды және пайымдауды қамтиды. В бөлімі – студенттер адам миының негізгі функцияларын және нейрогистологиялық бөлімдерін атау керек
Өткізілетін орны
8 мамырда Астана қ. «NURORDA» мектебінде өтеді. Қатысушылар Нұрорда жатақханасында тұрады
Құны
20 000тг. Бағаға тұру мен тамақтану да кіреді.
Тіркелу
30 сәуірге дейін (толығырақ жеке постта болады)
Бұл олимпиаданың ерекшелігі неде?
Сұрақтардың өзі және форматы
Әсіресе қызықты бөлігі – науқастың диагнозы. Науқастағы ауруды табу үшін қатысушылар симптомдарға қарай қандай талдау (анализ) жасау керектігін таңдап, соңғы шешімді қабылдайды.
IBB қатысушысы
«National Brain Bee» байқауының абсолютті чемпионы Қазақстанды International Brain Bee жарысында қорғайды. Биылғы жылы олимпиада онлайн түрде өтеді.
Internship
Жеңімпаз(дар) Қазақстанның алдыңғы қатарлы зертханаларында тағылымдамадан (стажировка) өту мүмкіндігіне ие болады
Guest lecture
Олимпиадамыздың аясында біз нейробиология профессорын дәріске шақырамыз. Бұл осы саладағы біліміңізді кеңейтудің бірегей мүмкіндігі болады. Бұл дәріс қатысушылардың олимпиадаға жақсы дайындалуына көмектесіп қана қоймай, оларды осы қызықты ғылымды одан әрі зерттеуге шабыттандырады деп сенеміз!